Допинг-тесттен өтпей қалған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
2025 жылғы 2 желтоқсанда қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Майк Коппинджердің дереккөзі Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесттен өтпей қалғанын растады. Бұған жауап ретінде боксшы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді:


"Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдап келемін. Бұл жаңалыққа таңғалып отырмын. WADA алғашқы тестті алып, бәрі таза екенін айтты. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші тестте не болғанын түсінбеймін, сондықтан қайта тексеруді талап еттім".

Бұған дейін қазақстандық балуанға әлем чемпионатындағы "алтын" жеңісі үшін пәтер сыйға тартылғанын жазғанбыз.

Әлімханұлы Жәнібек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз