Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кетті

Сурет: Қазақстан күрес федерациясы
Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл шешімі туралы бүгін, 2025 жылғы 5 желтоқсанда әлеуметтік желіде мәлімдеп, кейінгі төрт жылдағы жұмысты қорытындылап, әріптестеріне алғыс білдірді.

Тұрлыханов өз жазбасында бұл қадамды “терең алғыс сезімімен және ішкі тыныштықпен” қабылдағанын атап айтты.

"Бүгін мен Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл сәтті мен терең алғыс сезімімен және ішкі тыныштықпен қабылдаймын", - деп жазды ол.

Ол федерациямен бірге атқарған жұмысты бағалап, бапкерлерден бастап дәрігерлер мен серіктестерге дейін барлық мамандарға алғыс айтты.

Ол жетістіктерді де де атап өтті.

Тұрлыхановтың басшылығы кезеңінде Қазақстан күресі бірнеше маңызды нәтижеге қол жеткізген:

"Бұл жеңістер – біздің біртұтас командамыздың еңбегі, күресіміздің болашағына сенген, табандылық танытқан, жанкештілікпен жұмыс істеген адамдардың ортақ жетістігі", - деді ол.

Тұрлыханов қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделін арттыру, ірі турнирлерді ұйымдастыру және жас таланттарға жол ашу – осы кезеңнің басты нәтижелері екенін айтты.

Сонымен қатар, ол федерацияға жаңа басшылық келуі спорттың дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

"Спорт тек сабақтастық пен алға жылжу бар жерде дамиды. Жаңа команда жаңа көзқарас, тың идеялар және біздің сүйікті спортымызды дамытуға тың серпін әкелетініне шын жүректен сенемін", - деді ол.

Соңында Тұрлыханов елге қызмет етуді жалғастыратынын атап өтті.

"Мен Отанымызға қызмет етуден ешқашан бас тартпаймын. Қазақстанды дамыту – менің басты басымдығым, және елге, қоғамға пайда тигізе алатын кез келген жерде өз үлесімді қоса беретін боламын", - деп жазды Тұрлыханов.
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды