Қазақстандық классиктер алдағы маусымға дайындықты бастады

Сурет: United world wrestling
2025 жылғы спорттық маусым өз мәресіне жетті. Дегенмен грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы маусымға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қонысбек Кәрімұлы айтты.

"Ұлттық құрама бұған дейін Таиландта қалыпқа келтіру жиынына қатысты. Жиынға Азия және әлем чемпионатында жүлдеге іліккен балуандарымыз барды. Кейін құраманың 80 пайызы Бурабайдағы жалпы дене дайындығына арналған оқу-жаттығу жиынына қатысты.

12-30 қаңтар аралығында Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Содан кейін Хорватияның Загреб қаласында өтетін рейтингтік турнирге қатысамыз. Мақсат - арнайы дене дайындығынан кейінгі балуандардың әлеуетін көру. Жарыстан кейін дәл сол Хорватияда 9-25 ақпан аралығында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Сонымен қатар алдағы Азия ойындарына елімізде іріктеу турнирін өткізу жоспарда бар. Дегенмен бұл әлі нақты емес", - деді Қонысбек Кәрімұлы.

Еске салайық, бұған дейін Оберстдорфта (Германия) шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі аяқталғанын хабарлағанбыз.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін