Елена Рыбакина 2026 жылға арналған ауқымды жоспарын айтты

Сурет: instagram/lenarybakina
Қазақстанның ең үздік теннисшісі, 2022 жылғы Уимблдон чемпионы және әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылға қойған мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, басты мақсат – "Үлкен дулыға" санатындағы турнирде жеңіске жету.

Рыбакина жоғары ойын деңгейіне қарамастан, өзі үшін негізгі мәселе тұрақтылық болып отырғанын атап өтті. Сонымен бірге теннисші қазіргі таңда физикалық тұрғыда өзін жақсы сезінетінін және алдағы уақытта одан әрі дамуға ниетті екенін жеткізді.

"Барлығы тұрақтылыққа келіп тіреледі. Мен жақсы теннис ойнай алатынымды білемін, бірақ кейде ол жеткілікті болмай қалады. Былтыр да қиындықтар болды. Қазір денсаулығым жақсы екеніне қуаныштымын және бұл уақыттың еншісіндегі мәселе деп есептеймін. Біз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз және қойған мақсаттарыма жетемін деп үміттенемін. "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жету – басты мақсатым", - деді спортшы.

Australian Open-2026 турнирі қарсаңында Елена Рыбакина жаңа маусымды Брисбенде өтетін WTA турнирінде бастап, алғашқы жарысын сонда өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды