Түркиядағы WTA 125 турнирі: Жібек Құламбаева жартылай финалға шықты

Жібек Құламбаева, Түркия, жартылай финал, теннис, WTA 125, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 18:23 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жұптық сында хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп ширек финалда швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноа Акугуэні жеңді.

Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Жеңіс Жібек Құламбаева мен Луция Чирич-Багаричке бұйырды.

Енді олар финалға өту үшін бірінші нөмірмен тіркелген ресейлік Елена Приданкина мен Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды. Жартылай финалдық кездесу 10 қазанда өтеді.

Айта кетсек, Беларусьтің әлемдік рейтингтегі екінші ракеткасы Арина Соболенко АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирі алдында мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: