Соболенко мансабындағы маңызды оқиғаға байланысты жанкүйерлеріне үндеу жасады
Сурет: Instagram/arynasabalenka
Беларусьтің әлемдік рейтингтегі екінші ракеткасы Арина Соболенко АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы WTA қорытынды турнирі 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында орналасқан Indian Wells Tennis Garden кешенінде өтеді.
Sports.kz басылымының хабарлауынша, Соболенкодан бөлек, маусымның қорытынды турниріне қатысуға тағы төрт теннисші жолдама алды. Олардың қатарында турнирдің қазіргі чемпионы әрі әлемдік рейтинг көшбасшысы, қазақстандық Елена Рыбакина, америкалықтар Джессика Пегула мен Кори Гауфф, сондай-ақ ресейлік Мирра Андреева бар.
"Баршаңызға сәлем! WTA қорытынды турниріне жолдама алғаныма өте қуаныштымын. Индиан-Уэллске қайта оралып, барлығыңызбен кездесуді асыға күтіп жүрмін. Финалға билеттерді міндетті түрде сатып алыңыздар. Кездескенше!" – деді Соболенко.
Бұған дейін әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Бейжіңде Елена Рыбакина мен Арина Соболенконың жеңілісіне қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript