Бокстан қазақстандық Азия чемпионы жағымды жаңалығымен бөлісті

Сурет: Instagram/sanjaralib
Қазақстанның бокс бойынша ұлттық құрамасының мүшесі Санжарәлі Бегалиев Шымкент қаласы әкімдігінен жағымды жаңалық алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегінше, Азия-2025 чемпионы, ұлттық құраманың мүшесі Санжарәлі Бегалиев 11 қаңтарда туған күнін атап өткен. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі спортшыға ерекше сый жасамақ ниетін білдірген.

Боксшының айтуынша, қала әкімі оған пәтер сыйлауға уәде берген.

Айта кетейік, шымкенттік Санжарәлі Бегалиев – мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионы, жастар арасында Әлем чемпионы, сондай-ақ 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы бойынша тыңдау қашан өтетіндігін жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін