Қазақстан клубтарында ойнаған танымал футболшы Ресейде өлі күйінде табылды

Сурет: "Жетісу ФК
Мәскеудің ЦСКА футбол клубының тәрбиеленушісі, футболшы Адамс Лайонел Мәскеу облысындағы Звенигород қаласында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымының жазуынша, спортшының өліміне биіктіктен құлау салдарынан алған жарақаттар себеп болуы мүмкін.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, спортшы өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін", — делінген ақпаратта.

Адамс Лайонел — ресейлік футболшы, қорғаушы, ЦСКА академиясының түлегі. Ресейде ол "Енисей", Тверьдің "Волгасы" және "КАМАЗ" клубтарында өнер көрсеткен. Әр жылдары Қазақстанның "Каспий", "Тұран", "Жетісу" және "Шахтер" командаларының сапында ойнаған.

Халықаралық деңгейде Адамс Ресейдің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында бір матч өткізген. Сондай-ақ 2017 жылғы жазғы Универсиадада студенттер құрамасының құрамында өнер көрсеткен.

Бұған дейін Ресейдегі ең ірі зауытта екі қазақстандықтың мәйіті табылғанын жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады