Ресейдегі ең ірі зауытта екі қазақстандықтың мәйіті табылды

Ресейде "Северсталь" компаниясының негізгі нысаны саналатын Череповец металлургия комбинатының өндірістік алаңында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 09:42 Сурет: unsplash
Ресейде "Северсталь" компаниясының негізгі нысаны саналатын Череповец металлургия комбинатының өндірістік алаңында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай әлеуметтік желілер арқылы мәлім болды.

Компанияның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 14 қаңтарда аталған зауыт аумағынан мердігер ұйымдарда жұмыс істеген, Қазақстан азаматтары болып табылатын екі қызметкердің өмір белгілерінсіз табылғаны хабарланды. Қазіргі уақытта олардың өлімінің себептері анықталып жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Компания марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша басқармасы Череповец қаласында өндірісте екі адамның қаза табуына байланысты мән-жайлар анықталып жатқанын мәлімдеді.

Мекемеге қарасты тергеу бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына барып, тексеру жүргізіп, қажетті іс жүргізу шараларын қолға алған. Қайғылы жағдайдың себептері анықталуда.

Бұған дейін Ресей азаматы "Жақсы көремін" деген жазуға бола әкесін өлтіргені туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: