Путинцева Australian Open–2026 турнирінде сенсация жасады

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 105-орын) Australian Open–2026 турниріндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші айналымда ол бразилиялық Беатрис Аддад Майямен (59-орын) кездесіп, қарсыласын үш сетте жеңді – 3:6, 7:5, 6:3.

Шешуші сетте қазақстандық теннисші 1:3 есебімен ұтылып жатқанымен, камбэк жасап, ойынды өз пайдасына шешті.

Кездесу 2 сағат 55 минутқа созылды. Осылайша, Юлия Путинцева жарыстың екінші айналымына жолдама алды, ал оның қарсыласы Australian Open турниріндегі өнерін аяқтады.

Айта кетейік, биылғы маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі алдында Юлия Путинцева Брисбен мен Аделаидада (Аустралия) өткен жарыстарға қатысқан. Брисбенде ол екінші айналымда, ал Аделаидада 1/8 финал сатысында жарыстан шығып қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты