Рыбакина Australian Open екінші айналымында франциялық теннисшіні жеңді

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатының үшінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол екінші айналымда Франция өкілі Варвара Грачеваны (WTA рейтингінде 77-орын) 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ. Сондай-ақ жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Рыбакина турнирдің төртінші айналымына шығу үшін Чехия теннисшісі Тереза Валентовамен кездеседі.

Елена Рыбакинамен қоса, Мельбурндегі жарыста қазақстандықтар арасынан Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина да өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы