Қазақстандық конькимен жүгіруші Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Инцелль (Германия) қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта қазақстандық спортшы Евгений Кошкин өнер көрсетті. Ол 34,34 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қорытынды есепте төртінші орынға табан тіреді.

Польшалық Дамиан Журек (34,09) жеңімпаз атанды. АҚШ спортшысы Джордан Штольц 34,26 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орын алды. Ал эстониялық Мартен Лийв 34,29 секундта мәреге жетіп, үшінші сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогының кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындары алдында соңғы ірі халықаралық жарыс болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді