Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде жеңіске жетті

Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннисінің жас жұлдыздарының бірі 18 жастағы Әмір Омарханов 24 қаңтар күні Испанияның Манакор қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Омарханов жұптық сын бойынша финалында америкалық Гэвин Янгпен бірге өнер көрсетті. Олар шешуші матчта Тай Хост (Аустралия) пен Егор Плешивцев (Ресей) жұбын 5:7, 6:3, 10:8 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Қазақстан-америкалық дуэт турнирде үшінші нөмірмен өнер көрсетіп, жеңіске жетеді деген негізі үміткерлердің бірі болған еді.

Омарханов пен Янг турнир кезінде испаниялық Уго Гарсия Гомес / Карлес Рохас жұбын (6:1, 6:4), сондай-ақ Мотохару Абэ (Жапония) / Андрес Флорес Авила (Мексика) дуэтін (5:7, 6:2, 10:7) және Джо Лизер / Маркус Уолтерс (екеуі де – Ұлыбритания) жұбын (6:2, 6:3) жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді