Қазақстан құрамасы бокстан Испаниядағы халықаралық турнирде алты алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Бокстан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан аталған халықаралық турнирде 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Умида Садықова (80 келіден жоғары) жарыста алтыннан алқа тақты.

Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Назерке Серік (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарыста қола жүлде алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз