Могулшы Павел Колмаков 2026 жылғы Олимпиада финалындағы өнерін аяқтады

Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы финалдық сайыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізгі финалға жолдама алу үшін қазақстандық Павел Колмаков бақ сынады. Ол үшін отандасымыз үздік сегіздікке енуі қажет еді.

Колмаков өз мүмкіндігінде төрешілердің шешімімен 75,70 ұпай жинап, 16-орынға жайғасты. Нәтижесінде ол ақтық сынға өте алмады.

Айта кетейік, отандасымыз параллельді могул сайысына да қатысады. Аталған жарыс 15 ақпанда өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін