Қазақстандық конькимен жүгіруші 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 7:04.81 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, оныншы орынға тұрақтады.

Италия спортшысы Франческа Лолобриджида Олимпиада чемпионы атанды - 6:46.17. Ол осы Олимпиада ойындарында екінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Бұған дейін 3000 метрде де жеңіске жеткен еді.

Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Мерел Конейн (6:46.27) еншілесе, қола медаль Норвегия спортшысы Рагне Виклундқа бұйырды - 6:46.34.

Айта кетейік, Надежда Морозова осылайша тағы да үздік ондықтың қатарына енді. Бұған дейін ол 3000 метрде алтыншы, ал 1000 метрде 14-орын алған еді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы 1500 метр қашықтықта да бақ сынайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін