Михаил Шайдоровтың костюмі Vogue Italia журналы тарапынан жоғары бағаланды

Сурет: olympic.kz
Vogue Italia журналының ғаламтор бетіндегі нұсқасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ең сәнді жарыстардың қатарына қосып, спортшылардың ең қызықты киім үлгісіне арнайы шолу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңдаулы тізімге ерекше дизайнымен, айрықша түстерімен және стильдік ерекшелігімен көзге түскен спорттық киімдер енді. Авторлар тек киім үлгілеріне ғана емес, сонымен қатар аксессуарларға да айрықша назар аударған.

Аталған шолуда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі де жоғары бағаланды.

"Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров көрерменді "Дюна" фильміндегі Тимоти Шаламе бейнесін еске түсіретін киім үлгісімен таңғалдырды. Матаның драпировкасы мен градиентті элементтері костюмнің басқа бөліктерімен үйлесіп, Дени Вильнёв фильмдеріне тән апокалиптикалық әрі футуристік әлем эстетикасына ишара етеді", – делінген мақалада.

Шайдоровтан бөлек, Vogue Italia шолуына өзге де мәнерлеп сырғанаушылардың костюмдері енді. Атап айтқанда: Илья Малинин (АҚШ, қысқа бағдарлама), Пётр Гуменник (Ресей, қысқа бағдарлама), Мэдисон Чок / Эван Бейтс жұбы (АҚШ, еркін би), Стивен Гоголев (Канада, қысқа бағдарлама), Лара Наки Гутманн (Италия, қысқа бағдарлама) және Лоранс Фурнье Бодри / Гийом Сизерон жұбы (Франция, ритмикалық би).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды