Михаил Шайдоров: Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын

Сурет: Instagram/olympickz
Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров жеңіске жету оңай болмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы осы маусым аса ауыр болғанын, Олимпиада ойындары үшін ұзақ дайындалғанын жасырмады, деп хабарлайды Kazinform.

"Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді. Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы бар ойым — өз ісімді адал атқару болды. Енді еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Бұл медальді Қазақстан халқына арнаймын", — деді ол.

Сонымен қатар Шайдоров Денис Теннің елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына қосқан үлесін атап өтті.

"Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Еліміздегі мәнерлеп сырғанау спортының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын", — деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетсек, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін