Қазақстандық биатлоншы қыздар Олимпиада ойындарында өнерін аяқтады

Сурет: olympic.kz
Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы спринт жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылар 7,5 шақырым қашықтықты еңсеріп, екі ату айлағынан өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының атынан Милана Генева мен Айша Ракишева бақ сынады.

Ең үздік нәтижені Милана Генева көрсетті. Ол үш рет мүлт кетіп, 88-орынға тұрақтады. Айша Ракишева бес қателік жіберіп, жарысты 91-орында аяқтады.

Жарыста норвегиялық Марен Киркейде жеңіске жетті. Одан үш секундқа қалып қойған франциялық Осеан Мишелон екінші орын алса, тағы бір франциялық спортшы Лу Жанмонно қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, спринт қорытындысы бойынша үздік 60 биатлоншы із кесу жарысына жолдама алады.

Осылайша, бұл спринт қазақстандық биатлоншы қыздар үшін осы Олимпиададағы соңғы жарыс болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін