Михаил Шайдоровтың олимпиадалық образын алматылық дизайнерлер әзірледі

Сурет: Instagram/zhsaken
Михаил Шайдоровтың 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы "еркін" бағдарламаға арналған киімін Next Designer Award–Empowered by Visa байқауының финалисі Ақмарал Жарасқызы дизайнер Сакен Жасыбаевпен бірлесіп әзірлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы дизайнерлер өздерінің Instagram парақшаларында жазды.

Сурет: Instagram/zhsaken

"Спортшының таланты мен дизайн өнері тоғысқанда, аңыз туады", – деп жазды олар.

Сондай-ақ, Шайдоровтың "қысқа бағдарламадағы сахналық образы" Vogue Italia редакциясы дайындаған 2026 жылғы Олимпиаданың ең сәнді қатысушылары туралы онлайн-шолуға енді.

Сурет: vogue.it

Шолу авторлары костюмдегі драпировка элементтеріне, матаның градиентіне және фактуралардың қанықтылығына ерекше назар аударған. Редакцияның бағалауынша, бұл образ "Дюна" фильміндегі кейіпкерлер стилін еске салады.

"Костюмнің визуалды шешімі режиссер Дени Вильнёвтің футуристік әлем эстетикасымен үндеседі", – деп атап өтті Vogue.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Эфирде боғауыз сөз бен әдепсіз ән айтқан екі блогер жазаланды