Бұған Айсұлу Мырзағалиеваның Instagram-дағы жазбасы түрткі болған.
Спортшының жеңісінен кейін ол: "My Olympic champion! Сөзім жоқ, сен ең мықтысың, әрдайым!" деген жазба жариялап, желідегілердің қызу талқысына қалған.
Жазба астына пікір қалдырушылар спортшыға білдірген қолдау сөзбен бірге, қыздың сұлулығына да баса мән берген.
Кейбір желі қолданушылары "әдемі және спорттық жұп" деп, оларды қосақтап та қойды.
Бойжеткеннің өзге жазбалары астынан да Шайдоровтың басқан лайықтары мен жазған пікірлерін көруге болады. Айтқандай, бұл сұлу көркем гимнастикадан Азия чемпионы болып шықты.
Айта кетсек, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды.