Шайдоровтың жаттықтырушысы шәкіртінің жеңісіне пікір білдірді

Сурет: Instagram/urmanovteam
1994 жылғы Олимпиада чемпионы Алексей Урманов шәкірті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шайдоров Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиадада қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.

Урмановтың айтуынша, бапкер ретіндегі сезімді спортшы кезіндегі толқыныспен мүлде салыстыруға келмейді.

"Әрине, эмоция мүлде бөлек. Мұны салыстыру мүмкін емес. Уайым да, толқу да басқаша. Бапкер ретінде жүйкең әлдеқайда көп жұқарады. Себебі спортшы мұз айдынына өзі шығып, бар мүмкіндігін көрсетеді — бәрі өз қолында. Ал сен ештеңе істей алмайсың, тек іштей қолдап, бар күшіңмен жанкүйер боласың. Бар эмоцияңды тежеп, соның сәтті өнер көрсетуін тілеп тұрасың", – деді Урманов Okko Sport арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін желідегі ағайын Михаил Шайдоровтың сүйіктісі болу мүмкін қызды тауып алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін