Владимир Чебурин Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері атанды

Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстандық тәжірибелі маман Владимир Чебурин футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі (U-21) жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Владимир Чебурин ел футболына жақсы таныс. Әр жылдары ол қарағандылық "Шахтер" мен көкшетаулық "Оқжетпес" клубтарын жаттықтырған. Сондай-ақ шетелде де жемісті еңбек етіп, Литва чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Маман литвалық "Круоя", "Судува" және "Жальгирис" командаларын басқарды. Әсіресе "Судува" мен "Жальгирис" клубтарымен бірге айтарлықтай табысқа жетіп, алты мәрте Литва чемпионы атанды. Бұдан бөлек, командалары үш рет Литва Кубогын және екі рет Суперкубокты иеленді.

Жоғары нәтижелері үшін Владимир Чебурин Литвада үш мәрте жылдың үздік бапкері атағына лайық деп танылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін