Дастан Сәтбаев алдағы маусымда жаңа нөмірде өнер көрсетеді

Сурет: "Қайрат" ФК
Алматылық "Қайрат" құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев жаңа маусым қарсаңында ойын нөмірін ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы sportarena.kz басылымы жазды.

Клубтың негізгі құрамын таныстыру кезінде Сатпаевқа №10 нөмірі берілгені белгілі болды. Өткен маусымда ол №9 жейдемен ойнаған еді. Ал "ондық" бұған дейін грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зарияға тиесілі болған. Ол қысқы трансферлік кезеңде "Қайраттан" кеткен.

Команданың қақпашысы Темірлан Анарбеков те ойын нөмірін өзгертті. Ол №77-ден №1-ге ауысты. Бұл нөмірмен бұған дейін экс-қақпашы Александр Заруцкий өнер көрсеткен болатын.

Ал №9 нөмірімен енді бразилиялық шабуылшы Эдмилсон өнер көрсетеді. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Олжас Байбек №8 жейдені таңдаған.

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы Алматыда қатарынан үш матч өткізетіндігін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр