Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады

Сурет: instagram/AlexKrunic
Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жұптық турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Данилина мен Крунич бірінші айналымда АҚШ өкілі Слоан Стивенс пен Хорватия теннисшісі Донна Векичтен жұбымен кездесті.

Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылып, қазақстандық-сербиялық дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді келесі айналымда Данилина мен Крунич Людмила Киченок (Украина) және Дезире Кравчик (АҚШ) жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Анна Данилина – әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін