Қазақстандық сегіз боксшы Futures Cup турнирінің финалына өтті

Сурет: olympic.kz
Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасында Futures Cup турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалдық бәсекелердің қорытындысы бойынша сегіз отандасымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) ақтық сынға жолдама алды.

Әйелдер арасында Камила Оспанова (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) финалға өтті.

Ал, Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Финалдық жекпе-жектер 15 наурызда өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады