Қазақстандық боксшылар үшін Азия чемпионаты сәтсіз басталды

Сурет: olympic.kz
2026 жылы 30 наурызда Ұлан-Батырда (Моңғолия) бокстан Азия чемпионаты басталды. Турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасынан рингке екі спортшы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

51 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева Азия чемпионатын Кум Бьель Ан (Солтүстік Корея) қарсы жекпе-жекпен бастады. Біздің спортшы үшінші раундта жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Сондай-ақ 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова да жарысты аяқтады. Қазақстандық боксшы қарсыласы Притиден (Үндістан) жеңілді.

Бұған дейін велошабандоз Әлішер Жұмақанов Азия чемпионатында тағы бір күміс медаль ұтып алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін