Велошабандоз Әлішер Жұмақанов Азия чемпионатында тағы бір күміс медаль ұтып алды

Велошабандоз, Әлішер Жұмақанов, Азия чемпионаты, күміс медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 18:52 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының тректегі велоспорт бойынша өкілі Әлішер Жұмақанов Тайгатайда (Филиппин) өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір жүлде салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы скрэтч дисциплинасында екінші нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді.

Жарыста жеңісті Хайцзяо Сунь (Қытай) жеңіп алды. Үшінші орынды Цун Вай Чу (Гонконг) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы үш жүлде еншілеген болатын.

Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста екінші орын алды. Ал Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон жарысында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Рината Султанова жеке із кесу жарысында қола медаль жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: