Әйгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесті.

Тартыстың жекпе-жектің қорытындысы бойынша Әйгерім Сәттібаева 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Ал 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында шаршы алаңға шыққан Ұлжан Сәрсенбек Таиланд өкілі Пунрауре Руенросқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды