Бокстан Азия чемпионаты: қазақстандық төрт спортшы финалға жолдама алды

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Қазақстандық төрт бірдей боксшы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасынан алғашқы болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты. Ол Қытай өкілі Алимире Абудурейимуға қарсы жекпе-жектің алғашқы раундында сенімді өнер көрсетіп, басымдыққа ие болды. Екінші раундта да Бақыт қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сонымен қатар, 80 келіге дейінгі салмақта жарыс жолын 1/2 финалдан бастаған бұрымды боксшымыз Надежда Рябец 3:1 есебімен жеңісті суырып алды. Ол бұл кезеңде Үндістан өкілі Пужа Ранимен кездесті.

Сондай-ақ, 80 келіден жоғары салмақтың финалында шаршы алаңға Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Дина Исламбекова шығады. Ол жартылай финалда төрешілердің шешімімен өзбекстандық Олтиной Сотимбоевадан басым түсті.

Ерлер құрамасына ойыссақ, жартылай финалда Төрехан Сабырхан Қытай өкілі Ван Пэйченді сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алды. Спортшы алғашқы раундтан-ақ басымдықты өз қолына алды. Ол тек бірінші үшминуттықта ұтып қана қоймай, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раундта да қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Осылайша, шешуші кезеңге Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) мен боксшы Төрехан Сабырхан өтті.

Қазақстан
ҚР ҰОК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі