Қазақстандық боксшы Сербиядағы ірі турнирде жеңіске жетіп, топ жарды

Сурет: Instagram/ishki.sayasat.shymkent
Қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек Сербияда өткен халықаралық Belgrade Winner турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Алтын медальға апарар жолда Нұрасыл Төлебек жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Ол рингте сенімді қимылдап, қарсыластарынан басым түсті. Турнирдің барлық кезеңінен сәтті өтіп, тұрақты нәтижесінің арқасында финалдық жеңіске қол жеткізді.

Belgrade Winner халықаралық турнирі бокс әлемінде танымал жарыстардың бірі саналады және онда әртүрлі елдерден мықты спортшылар жиналады. Нұрасыл Төлебектің бұл жеңісі Қазақстан боксы үшін маңызды жетістік болды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында сегіз алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды