Янник Синнер Римдегі ATP 1000 турнирінде жеңіске жетіп, "Мастерс" иегері атанды

Сурет: Instagram/atptour
Төрт дүркін "Үлкен дулыға" турнирлерінің чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы италиялық теннисші Янник Синнер өз елінде – Рим қаласында өткен "Мастерс" сериялы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Римдегі "мыңдық" турнирдің финалында ол норвегиялық Каспер Руудты 1 сағат 44 минутта 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Бұл титул Синнер үшін кәсіби мансабындағы 29-шы, ал биылғы маусымдағы 5-ші жеңісі болды. Сонымен қатар, ол тарихта алғаш болып қатарынан алты "Мастерс" турнирін жеңіп алған теннисші атанды. Бұдан бөлек, ол ATP 1000 санатындағы тоғыз турнирдің барлығында жеңімпаз атанған екінші спортшы болды.

Осылайша, Янник Синнер "Golden Masters" жетістігін қайталап, бұл көрсеткішке бұған дейін қол жеткізген сербиялық теннисші Новак Джоковичтің ерекше рекордын теңестірді.

Жалпы алғанда, италиялық спортшы мансабында 10 "мыңдық" турнир жеңіп алған, оның екеуі Майами турнирінде (2024, 2026 жылдары).

Бұған дейін Путинцеваның Страсбургтегі танымал турнирде финалға шыға алмағанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін