Қазақстанның бірінші ракеткасы "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина "Ролан Гаррос"-2026 турнирінің аралас жұптар (микст) бәсекесіндегі 1/8 финал матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші америкалық Джеймс Трэйсимен жұптасып, аустриялық Лукас Мидлер және норвегиялық Ульрикке Эйкериге қарсы ойнады. Кездесу үш сетке созылып, қазақстандық-америкалық дуэттің пайдасына 6:1, 4:6, 10:8 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 12 минутқа жалғасты.

Осылайша, Данилина мен Трэйси жарыстың ширек финалына шығып, чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырады.

Еске салайық, алғашқы айналымда Анна Данилина мен Джеймс Трэйси аустралиялық Сторм Хантер және монаколық Хьюго Нис жұбын 6:4, 7:5 есебімен жеңген болатын. Ол матч 1 сағат 16 минутқа созылған еді.

Айта кетейік, Ролан Гаррос 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры рекордтық 61 723 000 еуроға жетті. Ал аралас жұптар сайысында жеңімпаз атанған жұп 122 мың еуро көлемінде сыйақы алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды