Жібек Құламбаева Болгариядағы W50 турнирінің чемпионы атанды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өткен W50 санатындағы турнирдің жұптық сыны финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топырақ төсенішіндегі жарыста қазақстандық спортшы украиналық Валерия Страховамен жұп құрады. Олардың дуэті турнирде бірінші нөмірмен тіркелген болатын. Чемпиондық атақ үшін өткен кездесуде Жібек пен Валерия Грекия өкілі Марта Матула мен АҚШ теннисшісі Хиба Шейхке қарсы ойнады.

Матч екі сетке созылып, Құламбаева мен Страхованың 6:0, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, 2026 жылы Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің жекелей сынында чемпион атанып, сондай-ақ ITF W15 және W50 санатындағы жарыстарда жұптық разрядта екі титул жеңіп алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін