Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне және үздік алтылыққа енген спортшыларға ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.
"Сыйақы Ербол Хамитов (пара биатлон, пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы), Александр Герлиц (пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы) және Владислав Кобальға (пара шаңғы эстафетасы), сондай-ақ спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да төленді",- делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдік спортшыға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.
Бұған дейін Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табыс етілгенін жазғанбыз.