Бибісара Асаубаева Total Chess Pilot-2026 супертурнирінде нешінші орын алғаны белгілі болды

Бибісара Асаубаева Total Chess Pilot-2026 супертурнирінде нешінші орын алғаны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2026 10:45 Сурет: Бибісара Асаубаеваның Instagram-парақшасынан
Будапештте (Мажарстан) өткен Total Chess Pilot-2026 ірі халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жарысты 20-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блицтен үш дүркін әлем чемпионы жарыстың соңғы кездесуінде америкалық Эндрю Хонгке 7:13 есебімен есе жіберді. Осылайша, ол қатарынан екінші күн жеңіліске ұшырады.

Бұл нәтиже Бибісара Асаубаеваға жұбаныш кезеңінде 24 қатысушының арасынан 20-орын алуға мүмкіндік берді.

Ал сынақ турнирінің жеңімпазы француз шахматшысы Алиреза Фирузджа атанды. Нидерланд өкілі Аниш Гири күміс жүлдеге ие болса, америкалық Фабиано Каруана үшінші орын алды.

Жарысқа барлығы 24 гроссмейстер қатысты. Олардың арасында Бибісарадан бөлек тағы бір әйел шахматшы – үндістандық Вайшали Рамешбабу болды. Ол турнирді соңғы орынмен аяқтады.

Total Chess World Championship Pilot-2026 – әлемнің үздік шахматшылары блиц, рапид және жылдам классика форматтарында бақ сынаған эксперименттік турнир.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: