Будапешттегі сәтсіз бастама: Бибісара Асаубаева турнир кестесінің соңында қалды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінің блиц кезеңіндегі алғашқы сайыста Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Нодирбек Абдусатторовқа есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 11:07 Сурет: instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінің блиц кезеңіндегі алғашқы сайыста Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Нодирбек Абдусатторовқа есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері арасындағы тартысты партия жарыстың алтыншы турында өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған.

Бибісара Асаубаева қара түспен ойнап, қарсыласына жол берді. Тоғыз турдың қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы 0,5 ұпай ғана жинап, 24-орынға тұрақтады. Ал Нодирбек Абдусатторов 2,5 ұпаймен 22-сатыға жайғасты.

Алғашқы блиц турнирінің жеңімпазы норвегиялық Магнус Карлсен атанды. Ол жеті ұпай жинады. Екінші орынды 6,5 ұпаймен франциялық Максим Вашье-Лаграв иеленсе, үздік үштікті алты ұпай еншілеген америкалық Левон Аронян түйіндеді.

Айта кетейік, Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирі Будапештте 10-20 қараша аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына үш дисциплина: блиц, рапид және жылдам классика енгізілген.

Бұған дейін Дакарда 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары жалғасып жатқаны хабарланған еді. 2026 жылғы 10 қарашада Қазақстан құрамасы жарыстағы екінші алтын медалін жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: