Бибісара Асаубаева финалда жеңілсе де, турнир жеңімпазы атанды
Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турниріндегі өнерін аяқтады. Финалда ол қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньге есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, Қытай өкілі бірнеше жылдан бері әлем чемпионы атағын иеленіп келеді және планетадағы ең мықты шахматшылардың бірі саналады.
Алайда бұл нәтиже Асаубаеваның жалпы есептегі орнына әсер еткен жоқ. Қазақстандық шахматшы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда-ақ турнирдегі жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп, көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Турнир қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 16,5 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орында 16 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр тұр. Үздік үштікті 15 ұпаймен украиналық шахматшы Анна Музычук түйіндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript