Бибісара Асаубаева Норвегия чемпионатын жеңіспен бастады
Сурет: norwaychess.no
2026 жылғы 25 мамырда Норвегия астанасы Осло қаласында ірі шахмат турнирі – Norway Women Chess-2026 басталды. Жарысқа Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның үш дүркін блиц бойынша әлем чемпионы алғашқы турда қара фигуралармен ойнап, Үндістанның тәжірибелі шахматшысы Хампи Конеруды жеңді.
Осы нәтижеден кейін Бибісара турнир кестесінде көш бастады. Жарысқа барлығы алты шахматшы қатысуда.
2026 жылғы 26 мамыр күні кешке Асаубаева қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Чжу Цзиньэрмен кездеседі.
Norway Women Chess-2026 турнирінің жүлде қоры 182 мың АҚШ долларын құрайды.
Жарыс 5 маусымға дейін жалғасады. Бұл турнирде алты шахматшы бір-бірімен екі реттен ойнайды.
Бұған дейін Путинцева "Ролан Гаррос-2026" турнирінде аустралиялық қарсыласынан басым түскенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript