Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде әйелдер арасында көш бастап тұр
Сурет: Telegram/bibissarachess
Бүгін, 2026 жылғы 8 маусымда Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Norway Chess Women турнирі аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы рейтингте көш бастады.
FIDE мәліметінше, рейтингке әсер ететін Norway Chess Women турнирі (FIDE Women’s Circuit есептеуіне кіретін екі жарыстың бірі) биылғы мамыр–маусым айларындағы жалпы кестедегі көрсеткіштер арақатынасын айтарлықтай өзгертті.
"Бибісара Асаубаева бұл турнирдегі жеңісінің арқасында 29,7 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға көтерілді. Одан кейін 21,6 ұпаймен қытайлық шахматшы Чжу Цзиньэр екінші орынға шықты. Екеуі де бұрынғы көшбасшы Вайшали Рамешбабудан озып кетті, ол қазір үшінші орында", делінген FIDE хабарламасында.
Ал ерлер арасында көшбасшылықты өзбекстандық Нодирбек Абдусатторов сақтап қалды.
"Мамырдағы турнирлерден кейін Нодирбек Абдусатторов FIDE Circuit 2026–2027 жарысында Жавохир Синдаровтан сәл ғана алда тұр. Абдусатторов TePe Sigeman турнирінде 7,25 ұпай жинаса, Синдаров Super Chess Classic Romania жарысында 8,53 ұпай алып, арақашықтықты қысқартты", - дейді федерациядағылар.
Үшінші орында Super Rapid and Blitz Poland және Super Chess Classic Romania турнирлерінде жалпы 28,93 ұпай жинаған америкалық гроссмейстер Фабиано Каруана тұр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

