Парагвай сенсация жасап, Германияны жарыс жолынан ысырды

Сурет: Instagram/albirroja
30 маусым күні Фоксборо қаласындағы Gillette Stadium стадионында өткен футболдан әлем чемпионатының матчында Парагвай құрамасы Германияны жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парагвай жеңіс голын бірінші таймның соңына қарай соқты. "Страсбур" клубының шабуылшысы Хулио Энсисо айып алаңына күтпеген жерден еніп, қақпашы Мануэль Нойерді қапы қалдырып, есеп ашты.

Осылайша, Юлиан Нагельсман баптайтын Германия құрамасы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтап, елге қайтатын болды.

Сурет: Telegram/Спортс

Матчтан кейін пенальтилер сериясы аяқталған соң, 1986 жылдан бергі әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі ең жас бас бапкер Юлиан Нагельсманның дәрменсіз күйде жерге қарап тұрған сәті көпшіліктің назарын аударды.

Сурет: Telegram/Спортс

Енді Парагвай құрамасы 1/8 финалда Франция мен Швеция құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Германия
Қызықты
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін