Голландияда марокколық жанкүйерлердің жеңіс тойы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Сурет: Zakon.kz
Өткен түнде Марокко құрамасының жүздеген жанкүйері Голландияның кейбір қалаларының көшелерінде тәртіпсіздіктер жасады. Айта кетсек, марокколықтардың ұлттық командасы мундиалдың 1/8 финалына шыққан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

NL Тimes мәліметінше, "атлас арыстандары" Әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында Нидерландыны жеңді (1:1, 3: 2 пен.), айтулы жеңісті тойлау үшін команданың жанкүйерлері Амстердам, Роттердам және басқа да Голландия қалаларының көшелеріне шықты.

Гаагада таңға қарай жанкүйерлер қаланың аудандарын патрульдейтін полицейлерге отшашулар атып, тас лақтыра бастады.

Әрине, құқық қорғау органдары оларға жауап бере отырып, су атқыштарды қолданды. Осылайша көпшілікті таратуға тырысты.

Бұл жанкүйерлердің қуанышы шектен шығып, арты қиын жағдайға ұласқан бірінші жағдай емес.

Осындай оқиғалардың бірі бір апта бұрын болды: 17 мексикалық жанкүйер 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өз командасының өткенін атап өтіп, видеоға түсіп қалған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін