Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Сурет: United world wrestling
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан қыздар сары құрлық біріншілігінде екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

65 келіге дейінгі салмақта Жаңыл Бекен ақтық сында өзбекстандық Мухайё Нарзиллоеваға жол берді.

Сондай-ақ 68 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан финалда қытайлық Чэньлин Суннан жеңіліп қалды.

Ал 53 келіге дейінгі салмақта Динара Дауылқызы қола медаль үшін өткен бәсекеде Вэй Тин Чэньді (Қытайлық Тайбэй) жеңді.

57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан шешуші белдесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Юй Сюань Чэннен басым түсіп, қола жүлдегер атанды.

59 келіге дейінгі салмақта Айжан Мұратбай қола жүлде үшін болған айқаста Мириам Грейс Балисмені (Филиппин) жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау