Қазақстан құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Сурет: United world wrestling
Қазақстан құрамасы еркін күрестен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет финалда үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскарға жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов ақтық сында Қытай өкілі Ян Юаньчунге есе жіберіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.

Ал 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өткен айқаста өзбекстандық Амирбек Урдушевтен басым түсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы