Қазақстандық үш балуан күрестен U20 Азия чемпионатының финалына өтті

Сурет: United worls wrestling
Таиландтың Паттайя қаласында еркін күрестен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 5 шілдеде бес отандасымыз жарыс жолына шықты. Нәтижесінде үшеуі алтын медаль үшін сынға түссе, екеуі қола медаль үшін белдеседі.

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек жартылай финалда Алиасгара Солтаниді (Иран) жеңді. Енді ол ақтық сында үндістандық Пушппен күреседі.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков 1/2 финалда Адарш Патилден басым түсті. Енді финалда ирандық Мохаммад Мамивандпен кездеседі.

Сондай-ақ 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали жартылай финалда Өзбекстан өкілі Улугбек Ортиковты түзе бүктірді. Осылайша ол финалда Довлетгельды Мурадовпен (Түрікменстан) күш сынасады.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев 1/2 финалда ирандық Аболфазл Хадживандқа жол берді. Енді ол Сахил Далалмен (Үндістан) қола жүлдеге таласады.

125 келіге дейінгі салмақта Риза Изахар жартылай финалда ирандық Аболфазл Мохаммаднежадқа есе жіберді. Осылайша ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде Наратулга Дармаабазармен (Моңғолия) күреседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін