Қазақстандық каратэші Жапониядағы турнирде алтын жеңіп алып, 10 миллион жапон иеніне ие болды

Сурет: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi
Қазақстан құрамасы Жапония астанасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді "Чемпиондардың чемпионы TOP-9" халықаралық жарысында 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ерлер арасында Анджей Кинзерский барлық қарсыласынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты.

Жартылай финалда ол Энтас Хаускастан (Литва) 5-0 есебімен басым түсті. Финалда Анджей тағы бір отандасымыз Антон Зимаревпен күш сынасты. Антон Паулюс Зимантасты ұтып, шешуші жекпе-жекке жолдама алған.

Атап өтерлігі, биыл жарыс барысында алғаш рет екі шетелдік спортшы ақтық сынға шығып отыр. Нәтижесінде Анджей бас жүлде 10 миллион жапон иеніне, ал Антон 2 миллион иенге ие болды.

Сурет: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Жалпы турнир ерлер арасында әлемнің таңдаулы 9, әйелдер арасында 8 үздік татами шеберінің басын қосты.

Еске сала кетейік, Анджей Кинзерский былтыр жалпы ұлттық Жапония чемпионатында топ жарып, мұндай көрсеткіш тіркеген тұңғыш шетелдік спортшы атанған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды