Қонақтардың алғашқы шабуылдарының бірі голмен аяқталды. 17 жастағы қазақстандық Дастан Сатпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты.
Шабуылшы кездесудің жетінші минутында допты қақпаның "тоғыздығына" дәл бағыттап, алаң иелерінің қақпасын дәл көздеді.
Алайда біраз уақыттан кейін "көктер" өз қақпасына гол жіберіп алды. "Вестерн Сидней" сапынан Энтони Пантазопулос мергендік танытты.
Бірінші таймның ортасына қарай есеп – 1:1.
Бұған дейін Дастан Сатпаевтың осы шетелдік турне аясында алаңға шығуының болжамды кестесі жарияланған еді.