Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Сурет: FIE
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Гонконгта өткен 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың соңғы бағдарламасында әйелдер арасындағы рапира мен ерлер арасындағы саблядан командалық сайыстар өтті.

София Актаева, Алина Искандерова және Алена Гноевадан құралған Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Ресей командасына 16:45 есебімен жол берді. Ал Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай, Нұрмұхаммед Жайлыбай және Назарбай Саттархан өнер көрсеткен ерлер құрамасы Испаниядан 37:45 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір алтын медальмен түйіндеді. Бір күн бұрын ерлер арасындағы командалық шпага сайысында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов тарихи жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды. Финалда қазақстандық спортшылар Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы