"Күн сайын күшейіп келемін": Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі жағдайы туралы мәлімдеді

Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі жағдайы туралы мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 11:10 Сурет: instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі қалпына келу барысы мен жаттығулары туралы жаңалықтарымен бөлісті. Спортшы күн сайын өзін күштірек сезініп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рахмонов X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында оңалту барысы туралы жазба жариялады.

"Тағы бір апта ауыр жаттығулар артта қалды. Күн сайын күшейіп келемін", – деп жазды спортшы 2026 жылғы 8 қарашада.

Рахмонов соңғы рет 2024 жылғы желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде октагонға шыққан болатын. Сол кездесуде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Ал 2026 жылдың басында қазақстандық файтер UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарылды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 мамырда Шавкат Рахмонов тізе жарақаты қайта асқынғандықтан, 6–8 айға жарыстардан тыс қалатыны хабарланған еді.

Қазір спортшы Германияда оңалту курсынан өтіп, жаттығу процесіне қайта оралуға алғашқы қадамдарын жасап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: