Арлан Жаңабай триатлоннан өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды. Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандық спортшы 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (01:46:38) иеленді. Ал жапониялық Рен Сато (01:47:23) мәреге үшінші болып жетті.

Темірлан Теміров тоғызыншы, Дарын Қонысбаев 12-орын, Елмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, Алинаби Маралбеков 35-орын алды.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 02:14:43 нәтижесімен сегізінші орынға ие болды.

Арина Шульгина 12-орын, Аида Ким 13-орын алды.

Бұған дейін дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam-ға қатысатын Қазақстан спортшыларының тізімі жарияланған болатын.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады